31 наурыз 2021 16:30

Ақтөбеде мандариннен балалар қайтыс болғаны туралы қауесет тарап жатыр

Фото: elements.envato.com

Ақтөбеде мандарин жеген балалар арасында өлім жағдайы тіркеліп жатқаны туралы ақпарат таралды. Ақтөбе облысының полициясы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде мандарин жеген балалар арасында өлім жағдайы тіркеліп жатқаны туралы ақпарат таралды. Ақтөбе облысының полициясы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтарға апельсин мен мандаринді сатып алмауға және тұтынудан бас тартуға кеңес беретін аудио хабарлама тарап жатыр. Оларды тұтынғаннан кейін Ақтөбеде бірнеше бала қайтыс болды деген болжам айтылған.

"Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сондай-ақ, тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР қолданыстағы заңнамасында жауапкершілік қарастырылғанын хабарлаймыз", - делінген департаменттің Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін мессенджерлерде қауіпті вирус анықталған банандар туралы ақпарат тараған болатын. Хабарламада оңтүстіктен әкелінген жемістер қауіпті болуы мүмкін екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram