ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2020 | 09:38
Ақтөбеде оңалту орталығының қызметкерлері жалақыларына наразылық білдірді
Ақтөбедегі оңалту орталығының қызметкерлері 60 пайыздық үстемақы талап етіп жатыр. Кеше олар жиналып, талаптарын ашық жариялады. Айтуларынша, заң тұрғысынан бұған құқылы. Сонымен бірге өзге педагогтерге берілетін 56 күн еңбек демалысын сұрап отыр. Ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандардың ортақ талаптарын "Астана" телеарнасы хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбедегі оңалту орталығының қызметкерлері 60 пайыздық үстемақы талап етіп жатыр. Кеше олар жиналып, талаптарын ашық жариялады. Айтуларынша, заң тұрғысынан бұған құқылы. Сонымен бірге өзге педагогтерге берілетін 56 күн еңбек демалысын сұрап отыр. Ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандардың ортақ талаптарын "Астана" телеарнасы хабарлады.
Ақжайық Тәкенова он жылдық тәжірбиесі бар логопед. Оның мына орталыққа келгеніне жыл өткен. Ерекше балалармен жұмыс істейді. Айына 65 мың теңге жалақы алады. Бірақ атқаратын жұмысымыз тиісті деңгейде бағаланбай келеді дейді.
"Қазақстан заңына сәйкес педагог мәртебеміз бұл жерде сақталмай тұр. Статусымыз сай келмейді. Біз медперсонал деңгейінде жалақы аламыз. Категориясыз, үстемақысыз, еңбек өтілінсіз. Қазақстан заңына байланысты денсаулық саласында педагогтердің статусын қарастырсын. Еңбек ақымыз сай келмейді", - дейді логопед Ақжайық Тәкенова.
Бұл орталықта 23 маман бар. Олар сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын жүзден аса баламен жұмыс жасайды. Күніне кем дегенде 17 баламен жеке жұмыс істеуге мәжбүр.
"Үкіметтің қаулысы 2015 жылы 31 желтоқсанда қабылданған. Онда туберкулез диспансерінде, шипажайларда, аудандық аурухана бөлімшелерінде және де мектеп-интернат, шипажай тектес денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтін біз секілді мамандарға базалық лауазымдық окладқа 60 пайыз үстеме қосылу керек. Біз тек 20 пайыз аламыз. Бар мәселе - осы", - дейді эрготерапевт дефектолог Алтынгүл Жантілеуова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы қызметкерлердің талаптарымен келіспейді. Өйткені заң жүзінде алпыс пайыздық үстемақы тек арнайы емдеу мекемелеріндегі педагог мамандарға ғана тиесілі деді.
"Олар сұрап отырған 60 пайыздық үстемақы "Шағала" шипажайы секілді туберкулезге шалдыққан балалармен жыл бойы қарым-қатынаста болатын мамандарға ғана төленеді. Яғни мемлекет оларға алпыс пайыздық үстемақы төлеп отыр. Аяланың талабы негізсіз. Жағдай онда басқаша, олар жалақысына 25 пайыздық үстеме алып отыр", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасады Нұржан Қожин.
Елу алты күндік еңбек демалысын сұрауда орынсыз дейді шенеунік. Заңға сай тек мектептерде, жоғарғы және арнайы оқу орындарында қызмет ететін педагогтарға ғана берілетінін еске салды. Десе де, логопед, дефектолог мамандар алған бетінен қайтар емес. Олар бұл мәселені енді денсаулық сақтау министрлігіне жолдамақ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также