01 қыркүйек 2024 | 14:04

Ақтөбеде орталық саябақта лазерлік және отты шоу сүйемелдейтін жаңа субұрқақ іске қосылды

Жұмыстарды жүргізген мамандардың айтуынша, бұл субұрқақтың елімізде баламасы жоқ. Осы тектес субұрқақтар өзге қалаларда бар, бірақ, бірмезгілде лазерлік және отты шоу көрсететін музыкалық субұрқақ бірінші болып Ақтөбеде орнатылып отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмыстарды жүргізген мамандардың айтуынша, бұл субұрқақтың елімізде баламасы жоқ. Осы тектес субұрқақтар өзге қалаларда бар, бірақ, бірмезгілде лазерлік және отты шоу көрсететін музыкалық субұрқақ бірінші болып Ақтөбеде орнатылып отыр.

Бұл - жарық шамдары, одан бөлек лазерлік және фаер-шоу түнгі мезгілде ерекше көрік беретін заманауи музыкалық субұрқақ. Биіктігі 38 метрге дейін жететін бұл субұрқақты 40-тан астам әуені бар аудиожүйе сүйемелдеп тұр.

Реклама
Реклама

"Жөндеу жұмыстары барысында 10 жыл бұрын пайдалануға берілген тоғанның бетон ыдысы қалпына келтірілді, гидрооқшаулау жұмыстары жасалды. Жалпы, бұл жерде фонтанға да, тоғанға да ерекше сән беретін күрделі жұмыстар орындалды.

Мамандар мұны екі айға жуық уақытта аяқтап отыр. Бұл жерде лазерлік шоу және отты фаер-шоу да субұрқақпен бірге іске қосылды. Қыркүйек айының соңына дейін субұрқақ жұмысы жалғасады. Күн жылы болса қазан айында да жұмыс істейді. Мердігер қыс мезгіліне консервацияға жауып, келесі маусымда барлық жүйесін қосуды міндетіне алып отыр", - деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.

Субұрқақ алдағы уақытта жұмыс күндері кәдімгі субұрқақ сияқты жұмыс істейді, кешке жарықтандырылады. Ал музыка, от және лазерлік шоу-бағдарлама сенбі және мереке күндері кешке қосылады.

"Жалпы, фонтандар бойынша қала тұрғындары тарапынан көп сын айтылып келеді. Тұрғындардың реніші орынды. Себебі, субұрқақтар қалаға көрік береді, қалалық ортаны қалыптастырады. Субұрқақтардың көпшілігінің тозығы жеткен, су ұстамайды, қосу элементтері ескірген. Жөндеу көрмегендіктен, соңғы 4-5 жылдан бері істен шығып, мәселе туғызып келді. Сондықтан, биыл бірқатарын жөндеуге кірістік, келесі маусымға дайын болуға жұмыстанып жатырмыз", - деп атап өтті қала әкімі.

Ақтөбе әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram