ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қазан 2023 | 10:44
Ақтөбеде полицейлер екі дропперді ұстады
Ақтөбеде полицейлер екі дропперді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде полицейлер екі дропперді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қыркүйектің аяғында бірнеше ақтөбелік зейнеткерлер алаяқтардың құрбаны болды. Алаяқтар егде жастағы адамдардың үй телефондарына қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, қарттарға олардың туысы жол апатына ұшырағанын және олардың кінәсінен адамдар зардап шеккенін хабарлайды.
"Қоңырау шалушы бұл мәселені шешу, әрі туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін ақша талап етеді. Бұл ретте, алаяқтар ақшаны алдыру үшін курьерлердің, яғни қазір жиі айтылып жүрген дропперлердің қызметіне жүгінеді", - делінген хабарламада.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дропперлердің басым көпшілігі алаяқтық схемасының қатысушысы болып отырғанын алдын ала біледі, соған қарамастан, жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылған жігіттер мұның зардаптарын және қылмыстық жауапкершілік туралы ойламайды.
Полицейлер мақсатты жедел іс-шараларды өткізу барысында қыркүйекте 8 қарт адамды ақшасыз қалдырған екі жігітті анықтап, ұстады. Мысалы, курьер ретінде келген олардың біріне 90 жастағы зейнеткер 2 миллион теңгесін беріп жіберсе, енді біріне 68 жастағы зейнеткер 1 миллион теңгесін берген. Алаяқтықтың барлық деректері бойынша соталды тергеу жүргізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также