18 сәуір 2022 09:00

Ақтөбеде прокуратура тексерісінен кейін коммуналдық қызмет тарифі төмендеді

Көрнекі сурет: plusworld.ru

Ақтөбедегі Астана ауданының прокуратурасы мен антимонополиялық департамент АО Aqtobe su – energy group АҚ-да тексеріс жүргізіп, заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды "Диапазон".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі Астана ауданының прокуратурасы мен антимонополиялық департамент АО Aqtobe su – energy group АҚ-да тексеріс жүргізіп, заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды "Диапазон".

"Монополист 892 миллион теңгеден аса сомаға сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша іс-шараларды орындамады. Прокуратураның тексерісінен кейін 1 қаңтардан бастап 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 2,16 пайызға, су бұру – 0,37 пайызға және жылумен жабдықтау – 4,31 пайызға төмендеді", - делінген хабарламада.

АО Aqtobe su – energy group-қа 9,3 миллион теңге айыппұл салынды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram