24 тамыз 2022 14:05

Ақтөбеде сот ғимаратына "мина қойылды" деген ақпарат түсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде сот ғимаратына "мина қойылды деген ақпарат түсті", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде сот ғимаратына "мина қойылды деген ақпарат түсті", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"24 тамыз таңғы уақытта Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәл осындай хабарлама Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына да келіп түскен", - делінген хабарламада.

Көрсетілген жерлерде саперлер жұмыс істеп, ғимаратқа тексеру жүргізіп,  барлық қажетті іс-шаралар өткізді. Бірақ жарылғыш зат табылмаған.

Реклама
Реклама

Полиция департаменті жасырын хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шараларды жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram