Ақтөбеде спорт мектебінің директорлары бюджет қаржысын букмекерлік кеңсеге тігіп жіберген

Ақтөбеде спорт мектебінің директорлары бюджет қаржысын букмекерлік кеңсеге тігіп жіберген Midjourney

Ақтөбе облысында спорт мектептерінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде тігіп ұтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында спорт мектептерінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде тігіп ұтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуге тиіс қаражатты екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтаған.

"Олар 12 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша прокуратура 2 қылмыстық істі тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.

"10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама