10 мамыр 2017 | 16:59

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шектім деп жылаған қыздың өз үйінің суреттері пайда болды

Тұрғангүл Ешімова мен оның 10 жастағы қызы Махаббат. © Diapazon.kz

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шектім деп жылаған қыздың өз үйінің суреттері пайда болды. Осыған дейін оқушы қыздың көршілері олардың үйін су баспағанын мәлімдеген еді. Аты-жөнін атағысы келмеген әйел Интернетте видеосы таралып, көпті елжіреткен қыз бен оның шешесін басқа біреудің су алған үйінің фонында видео түсіріп, қолданып кетті дегенді айтып, айыптаған болатын. Алайда 10 жастағы Махаббаттың өз үйінің де қатты бүлінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шектім деп жылаған қыздың өз үйінің суреттері пайда болды. Осыған дейін оқушы қыздың көршілері олардың үйін су баспағанын мәлімдеген еді. Аты-жөнін атағысы келмеген әйел Интернетте видеосы таралып, көпті елжіреткен қыз бен оның шешесін басқа біреудің су алған үйінің фонында видео түсіріп, қолданып кетті дегенді айтып, айыптаған болатын. Алайда 10 жастағы Махаббаттың өз үйінің де қатты бүлінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Суреттерді қыздың отбасына үш бөлмелі пәтер сыйлаған бизнесмен Қайрат Құдайберген редакциямызға жолдады. Суреттерден үйдің толықтай қирап қалғанын және онда тұру мүмкін емес екенін байқауға болады. Махаббаттың үйіне арнайы барып, қираған үйдің суреттерін Қайрат Құдайбергеннің өкілі түсіріпті. 

Реклама
Реклама

Ешімовтер отбасының көршісі БАҚ өкілдеріне оқушы қыз жылап тұрған видеода Талғат Лепесовтер отбасының су алған үйі екенін хабарлады. "Олардың әлеуметтік желілерде таратқан видеосында көрсетілген үйдің құлағаны рас, бірақ ол олардың үйі емес, олардың үйі сау тұр, бірақ сонда да олар Талғат Лепесовтердің құлаған үйінің алдында видео түсірген", - деп мәлімдеген еді Махаббат Ешімованың көршісі. Әйелдің БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты Instagram желісіне жүктеліп үлгерді. Қазіргі уақытта Қазнетте осы мәселеге қатысты дау шықты. 

Осы дауға қатысты қыздың анасы Тұрғангүл Ешімова пікір білдірген еді. 

"Біз бұл туралы білеміз, көршілердің осындай айып тағып отырғаны бізге белгілі, бұл жалған. 14 сәуірде біздің үйді су шайып кетті, тұрғындардың ешқайсысының үйі сау болмады. Барлығының үйін су шайып кетті. Менің күйеуім жүрек талмасына ұшырап, тіпті сөйлей де алмай қалды, енді ары қарай қалай өмір сүреміз? Ол ауруханада болғанда бізді мектепке эвакуациялады. Сосын біз пәтерде тұрып келдік. Журналистер сюжет түсіріп жатқанда су алған үйлердің тұрғындарына сұрақ қойды. Қызым Махаббат сол кезде менің алдыма шығып алып, өте қатты ашуланып, сөйлеп тастады. Сол кезде ол әкесін қатты уайымдады, үйді де уайымдады, сөйтіп, жылаған болатын", - деді шешесі.

Әйел Интернетте таралған видеоны бөтен адамдардың түсіргенін айтып отыр. Махаббаттың отбасы роликтің бұлайша таралып кететінін білмеген екен.

"Ол біздің үйді су алғанын айтты, бұл рас. Видеода қай үйдің тұрғанында не байланысы бар? Қызым артымызда тұрған үйді айтқан жоқ. Сосын бизнесмен Қайрат Құдайберген келіп, пәтер сыйлады. Осыдан кейін адамдар бізден осы жағдайымызды қызғана бастады. Көршілер осы видеоны жазып, өтірік айтып жатыр деп мәлімдеді", - деп наразылығын білдірді Ешімова.

Қыздың анасының айтуынша, Махаббатты мектептегілер өтірікші деп атайды. Өзіне тым көп адамның назары ауғандықтан, қызы көп жылап жүр екен. 

"Көршілеріміз мемлекеттен үй алады, біз алмаймыз. Енді неге бұлай жасап жатыр? Мен енді прокуратураға және сотқа осы әйелдің бізге жала жабуы ісі бойынша арыз түсіремін, елдің көзінше бізді алаяқ қылып көрсетті", - дейді қыздың анасы Тұрғангүл Ешімова.

Осы оқиғаға қатысты өз кезегінде Ақтөбе әкімінің орынбасары Рузия Айданова пікір білдірді. "Біз Лепесовтер отбасына 2 бөлмелі пәтерді бердік, олар соңында осы үйді сатып ала алады. Оның төрт баласы бар. Бірақ біз үш адамды ғана көрдік, өзі, күйеуі және Маахаббатпен бірге оқитын баласы. Бірақ Лепесов қызды үйін пайдаланып кетті деп дауласып жатыр. Себебі сол үйдің алдында видео түсірілген. Бірақ ол қызға үйді мемлекет берген жоқ қой, бизнесмен сыйлады. Бұл әркімнің өз қалауы. Әркім нені кімге сыйлайтынын өзі біледі. Ал осы айыптауларға келер болсақ, бұл отбасылардың арасындағы өзара дау", - деп мәлімдеді шенеунік.


Тұрғангүл Ешімова мен оның 10 жастағы қызы Махаббат

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз билікке үндеу айтқан болатын. Ешімовтер отбасы су тасқынынан баспанасынан айырылған еді. Шешесі Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі әлсіз және ол үйінің қирап қалғанын әлі көрмепті. Басылымның мәліметінше, әйелдің кенже қызы Махаббат № 36 мектебінің төртінші сынып оқушысы екен. Ол мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылып, табиғи апаттан есеңгіреп қалған. 

Кейін алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген аты-жөнін атағысы келмеген бизнесменмен бірге су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік 10 жастағы қызға баспана сыйламақшы болған. Алайда осы баспананы салуда олар қиындықтарға тап болды. Сыйланатын үй де су тасқыны болуы мүмкін деген аймаққа жатқызылды. Алайда бизнесмен 10 жастағы Махаббатқа көппәтерлі үйден үш бөлмелі пәтер сыйлады. 


Ортада бизнесмен Қайрат Құдайберген


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная