Ақтөбеде сушиден 8 адам уланып қалған, ішінде балалар да бар

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақтөбеде сегіз адам сушиден уланған. Зардап шеккендердің ішінде балалар да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде сегіз адам сушиден уланған. Зардап шеккендердің ішінде балалар да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер қызу, құсу, диарея, іш ауруы секілді белгілерге шағымданған. Екеуін жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген.

"Бүгінде бұл науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бактериологиялық талдау жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы үйге суши, роллға тапсырыс берген", - деді Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жансәуле Дәулетова.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің сөзінше, жалпы сегіз адам ауруханаға жүгінген. Олардың екеуі - бала.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама