25 қаңтар 2024 17:08

Ақтөбеде тараған хабарламадан кейін мектептер полиция қарауына алынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе полициясы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі полиция хабарламасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе полициясы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі полиция хабарламасына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта құзырлы органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылау және полиция жасақтарының болуына ерекше назар аударылып жатыр. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды", - деді Ақтөбе полициясы.

Полиция биыл жыл басынан бері осындай жалған хабарламалар Ресей Федерациясының бірқатар қалаларында тарағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыру мақсатында жасалған. Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмауды және сабыр сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - деп хабарлады Ақтөбе полициясы.

Ақтөбеліктерді қорқынышты хабарлама алаңдатып қойды: полиция авторларды іздеп жатыр

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram