20 наурыз 2022 | 09:43

Ақтөбеде тұрғын банктен доллардағы депозитін ала алмай жүр

Дина Шарипханова Корреспондент
© aktobetimes.kz

Ақтөбелік кәсіпкер Еркін Ахметов мәміле жасасу үшін 9 наурыздан бері банктегі депозитін ала алмай жүр. Депозит долларда сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе Таймс" басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбелік кәсіпкер Еркін Ахметов мәміле жасасу үшін 9 наурыздан бері банктегі депозитін ала алмай жүр. Депозит долларда сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе Таймс" басылымына сілтеме жасап. 

"Демалысқа дейін банкте доллар жоқ, күте тұрыңыз" деді. Жексенбіде тағы келдім. Дүйсенбіде өтініш жазуым керек екенін айтты. Мен ақшаны банкке сақтауға қойдым, өтініш берсем ол берілуі керек. Менде бұрын мұндай проблема болған емес. Бұған дейін келіп доллардағы депозитімнен ақша алатынмын, оған көп дегенде 2-3 сағат кететін. Ал ақшаны бірден беретін. Доллар әкеліп, ақшамызды беруін талап етеміз! Бүкіл Қазақстанда доллар жоқ деген қалай?! Өтініш беріп жатқаным бірінші күн емес, оған дейін жұмыс күндері де доллар жоқ деп жауап берді. Банк оларға доллар Ресейден келетініне сілтеме жасап отыр. Бұл қалай болуы мүмкін? Сома аз, үш адамға 25 мың доллар", - деді ол.

Ашынған кәсіпкер полицияны, журналистерді шақырған, банктің қауіпсіздік қызметі басшысы келген. Ол клиентті сабырға шақырып, дүйсенбіде банкке жүгінуін сұрап, сейсенбі немесе сәрсенбі күні доллар мәселесін шешуге уәде берген.

Реклама
Реклама

"Мен дүйсенбіде банкке барып, өтініш бердім. Банк депозитімді тек 24 наурызда ғана беруге келісті. Мұндай жағдайда Қазақстанда бизнес жүргізу үлкен мәселе", - деді кәсіпкер 14 наурыз күні түстен кейін.

Басылым тілшісі түсініктеме алу үшін банк бөлімшесіне жүгінген, бұл жерде кәсіпкер мен өзге де клиенттер доллардағы депозиттерін ала алмай жатыр. Олар Ұлттық банктің ақпараттық хабарламасын таратты.

"Қолма-қол шетел валютасын шығару кезінде туындайтын қиындықтар, ең алдымен, халықтың сұранысының артуына, сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық қиындықтарға байланысты. 

Қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық банк АҚШ-тың орталық банкі - Федерал резервтік жүйеден қолма-қол шетел валютасының қосымша сомасын жеткізу мәселесімен белсенді жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная