22 сәуір 2023 09:52

Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде үй өртеніп, екі кішкентай бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде үй өртеніп, екі кішкентай бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы сағат 04:08-де тіркелген.

112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Реклама
Реклама

"Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы үйде 5 адам болған. Өрт сағат 04:41-де оқшауланып, 04:49-да сөндірілді. Өрттің ауданы 40 шаршы метр", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram