Ақтөбеде заңгер әйел алаяқтарға алданып, 18 миллион теңгесін берген

Ақтөбеде заңгер әйел алаяқтарға алданып, 18 миллион теңгесін берген depositphotos.com

Ақтөбеде 46 жастағы заңгер әйел криптовалюталық алаяқтардың құрығына түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбеде 46 жастағы заңгер әйел криптовалюталық алаяқтардың құрығына түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбелік тұрғын криптовалютаға және алтын саудасына инвестиция құйып, мол пайда табу туралы уәделерге сенген. Тергеу барысында анықталғандай, екі танысы қала тұрғынын жоғары табысты инвестициялық жобалар арқылы тез байып кетуге болатынына сендірген.

Бір жарым жыл бойы заңгер "бизнес" ұйымдастырушыларына тұрақты түрде ақша аударып отырған. Ол жалпы сомасы 18 миллион теңге берген. Нәтижесінде не пайда таппай, не өз қаражатын қайтара алмаған әйел алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Жарнама
Жарнама

Полицейлер екі күдіктіні тауып, бөлімшеге жеткізді. Олардың инвестицияға, биржаға, алтынға немесе криптовалютаға ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болды.
Күдіктілер 18 миллион теңгенің барлығын өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Криптовалютаға немесе бағалы металдарға инвестиция салу арқылы "кепілдендірілген" жоғары табыс туралы уәделерге сенбеңіздер, әсіресе мұндай ұсыныстар әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы бейтаныс адамдардан түссе. Кімге болса да ақша аудармас бұрын, компанияның қаржылық реттеушіден алған лицензиялары мен рұқсаттарының бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіздер. Тәуекелсіз тез табыс табу туралы уәделер - бұл алаяқтықтың жүз пайыздық белгісі", - деп ескертті полиция.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама