10 сәуір 2023 | 12:27

Ақтөбедегі онкологиялық ауруханада лейкопластырь орнына скотч қолданылған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбедегі онкологиялық ауруханада қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға лейкопластырь орнына скотч қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбедегі онкологиялық ауруханада қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға лейкопластырь орнына скотч қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылымға онкологиялық есепте тұрған қала тұрғындарының бірі жүгінген. Ол ауруханада лейкопластырь жоқтығына шағымданған.

"Аурухананың бөлімшелері мен емханасында сынама алғаннан кейін жабыстыру үшін қарапайым лейкопластырь жоқ. Кәдімгі скотч қолданылады", - деп жазды ер адам.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері лейкопластырь алуға өтінім берілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, наурызда 2-клиникалық топтағы динамикалық бақылау аясында науқастарды көбірек қамту мақсатында онкопатологияны болжау және бақылау үшін барлық науқастан ісік маркерлері алынған.

"Лейкопластырь көп тұтынылуына байланысты 30 наурызда қосымша өтінім берілді. Ресми жеткізуші өкілінің ("СК-Фармация") айтуынша, жеткізу мерзімі - үш жұмыс күні", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная