Ақтөбелік караоке-клубта болған жанжал туралы ақпарат тексеріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде құқық қорғау органдары қала прокуратурасының қызметкері жергілікті караоке-барда жанжал шығарғаны туралы желіде тараған ақпаратты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.

Ақтөбеде құқық қорғау органдары қала прокуратурасының қызметкері жергілікті караоке-барда жанжал шығарғаны туралы желіде тараған ақпаратты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.

Жанжал туралы журналист Михаил Козачковтың telegram каналында жазған болатын. Оқиға 23 қазанда "Барокко" караоке-барында болғаны хабарланған.

Михайл Козачковтың telegram каналында Ақтөбеде прокуратура қызметкерінің 23-қазан күні "Барокко" караоке-барында күзетшілермен жанжалдасқаны туралы жазылған. Жазбада оқиға орнына полиция қызметкерлері келсе де, қадағалаушы органның өкілі тынышталмағаны айтылады. Ол мәселені шешудің басқа жолын қарастырған. Алайда басты кейіпкерді сараптамаға алып барған. Бірақ оның орнына басқа біреу сынақтан өтуі мүмкін.

Реклама
Реклама

"Диапазон" журналисі түсінік беру үшін облыстық прокуратураға жүгінді. Қадағалау органының баспасөз қызметінің өкілі жауап берді:

"Бұл хабар бүгін тарады, біз ол туралы естідік. Әрине, біз бұл ақпараттың рас, өтірігін тексереміз. Қазір ештеңе түсіндіре алмаймыз, тексеру жүріп жатыр", - деді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама