21 маусым 2019 16:16

Ақтөбелік кәсіпкерлер көбіне ақша бопсалайтын мемлекеттік органды атады

Tengrinews фотоколлажы

Кәсіпкерлерден анонимді сауалнама алынды. Соның нәтижесі жарияланды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпкерлерден анонимді сауалнама алынды. Соның нәтижесі жарияланды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

"Ақтөбе - адалдық алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінің қызметкерлері Protecting Business and investments жобасы аясында "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлік палатасымен және Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп, Ақтөбе облысының кәсіпкерлері арасында анонимді сауалнама жүргізді.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде 100 кәсіпкердің 11-і тексеріс кезінде мемлекеттік билік өкілдерінің өз қызметін асыра пайдаланатынын айтты.

Негізінен бизнесмендер бопсалау фактілеріне Қоғамдық денсаулық сақтау, мемлекеттік кіріс, Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің өкілдеріне шағымданады.

Қысым көрген кәсіпкерлердің жартысы "Атамекен" палатасына барады екен. Қалған 11 пайызы прокуратураға, 9пайызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне жүгінеді. Ал кәсіпкерлердің 35 пайызы қысым жайлы ешқайда хабарламайтын болып шықты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram