31 желтоқсан 2018 14:13

Ақтөбелік қыз Хабиб Нурмагомедовтің Instagram-байқауынан Toyota Camry ұтып алды

© Instagram.com/saule_br

Ақтөбелік Сәуле Болатбаева Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған Instagram-байқаудың суперпризі - Toyota Camry автокөлігін ұтып алды. Бұл туралы қыз әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңімпазды таңдау 30 желтоқсанда өткен, ол кездейсоқ түскен сандарды тіркейтін генератордың көмегімен таңдалыпты. Қыз өзінің ұтысы жөнінде stories арқылы жария етті. Енді ол сыйлығын алу үшін Мәскеуге баруы тиіс.

Реклама
Реклама

"30 желтоқсанда тікелей эфирде тәуелсіз генератормен жеңімпазды анықтаймыз және барлық жазылушыны тексереміз. Сыйлықтар күтіп тұр... Естеріңізге сала кетейін, біздің серіктестердің арнайы сыйлықтары сіздерді күтеді. Баршаңызға сәттілік!!!", - деп жазды Хабиб Нурмагомедов екі күн бұрын өз аккаунтында.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram