23 қараша 2018 | 11:55

Ақтөбелік шенеуніктер қызметтік көлікпен Ресейге өз мақсатында барып жүрген

© zarulim.com.ua

Өз мақсатында қызметтік көлікпен Ресейге барған ақтөбелік шенеуніктер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өз мақсатында қызметтік көлікпен Ресейге барған ақтөбелік шенеуніктер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өз мақсатында қызметтік көлікпен шекара кесіп өту деректері анықталды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "2030" әскери бөлімімен бірге "Жайсан" шекара пункті арқылы көліктің мемлекеттік нөмірімен шекарадан өту жағдайларына мониторинг жүргізді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сөйтсек, 13 маусымда Хромтау аудандық ветеринарлық станциясының жетекшісі РФ-ның Орынбор облысына сапарлатқысы келген туысына көмектесу мақсатында SsangYong қызметтік көлігімен шекараны кесіп өткен. 

15 маусымда Қобда аудандық ветеринарлық станциясының жетекшісі болса SsangYong көлігімен Орынбор облысы Ақбұлақ ауылындағы туысына бару үшін шекараны кесіп өткен.

Ал 1 қыркүйекте АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринарлық зертханасының Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі Skoda қызметтік көлігімен өз мақсатында шекара пунктінен өткен.

Бақылау қорытындысы бойынша осы аталған жетекшілер тәртіптік жазаға тартылған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная