12 қаңтар 2024 14:37

Ақтөбеліктер жедел жәрдемге хабарласа алмай отыр: полиция хакерлерді іздестіріп жатыр

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе полицейлері жедел жәрдем станциясының телефон желісіне жасалған хакерлік шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе полицейлері жедел жәрдем станциясының телефон желісіне жасалған хакерлік шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе жедел жәрдем және жедел жәрдем станциясында телефон қоңырауларындағы ақау әлі тоқтаған жоқ. Өткен аптадан бері 103 нөмірі үзіліспен жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдемге мұқтаж тұрғындардан Төтенше жағдайлар департаментінің 112 қызметіне немесе әкімдіктің 109 байланыс орталығына хабарласу сұралды. Жедел жәрдем станциясындағы провайдер ауысқанымен, байланыс мәселесі шешілген жоқ. Жақында бұрынғы проблемалар қайта басталған.

Жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Марат Жанқұлов та дүйсенбіде мәселе шешімін тапқанын айтты. Алайда, осыдан кейін байланыс қайтадан қолжетімсіз болды. Алдыңғы интернет-провайдер мұны желіде сыртқы DDoS-шабуылдар жасалып жатқанымен түсіндірді. Қазір полицейлер ықтимал хакерлерді іздестіріп жатыр.

Реклама
Реклама

"Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 207-бабы "Ақпараттық жүйені немесе телекоммуникация желілерін пайдалануды бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram