19 ақпан 2024 | 09:35

Ақтөбеліктерден 77 келіден аса марихуана тәркіленді

Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған алты полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 57,5 келі марихуана екені анықталды", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Ары қарай жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы бір күдікті ұсталды. Оның гаражынан өсімдік тектес заттар бар екі үлкен қара пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 20 келі болатын марихуана болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, екінші күдікті ұсталған сәтінде есірткілік масаң күйде болған. Жалпы салмағы 77 келіден асатын бұл есірткілерді аталған адамдар өңірге жеткізіп, кейіннен сату мақсатында сақтаған.

Реклама
Реклама

"Қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған осы қылмыс үшін ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деді Әмірханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная