ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қаңтар 2023 | 10:11
Ақтөбенің жаңа әкімі тұрғындарға үндеу жасады
Алдағы аптада Ақтөбеде -25 және -38 градус суық болуы мүмкін. Осыған байланысты қала әкімі Мұрат Жүребеков тұрғындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алдағы аптада Ақтөбеде -25 және -38 градус суық болуы мүмкін. Осыған байланысты қала әкімі Мұрат Жүребеков тұрғындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысына жауапты барлық коммуналдық ұйым күшейтілген жұмыс режиміне және тәулік бойы кезекшілікке ауыстырылды. Бүгінде барлық тұрғын үй мен әлеуметтік нысанға жылу штаттық режимде беріліп жатыр.
"Алайда сіздердің тараптарыңыздан да қолдау қажет. Жылу желілерін үйдің басқарушы компаниясымен бірлесіп қадағалауды және тексеруді сұраймын", - дейді қала әкімі Мұрат Жүребеков.
Қала басшысы тұрғындардан аязда қажет жағдайда ғана шығуын және қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеуі үшін көлікті жолдың шетінен алып тастауды сұрады.
Бүгінде Ақтөбеде екі тәуліктен бері қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, әкім барлық бизнес нысаны, мекеме ғимараттары мен көпқабатты тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары қарды іргелес аумақтан шығарып, оны мұздан тазартуы тиіс екенін ескертті.
"Алаңдауға еш негіз жоқ. Бәрін қатаң бақылап отырмын", - деді қала әкімі Мұрат Жүребеков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также