29 маусым 2020 | 14:44

Ақылбек Рысқалиев Атырау облысының әкімдігінде лауазымға ие болды

Атырау облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып Ақылбек Рысқалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып Ақылбек Рысқалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Реклама
Реклама

Ақылбек Аманбайұлы 1971 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика институтын "мәдени ағарту жұмыстарының ұйымдастырушы методисі" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры" бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Атырау облысы, Исатай аудандық мәдениет бөлімінің әдіскерлер орталығының әдіскері лауазымынан бастаған.

1994-2006 жылдары әдіскерлер орталығының меңгерушісінен Мәдениет үйінің директорына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2006 жылы Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

2012 жылы Исатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Соңғы жұмыс істеген орны – Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная