24 ақпан 2023 | 12:40

Ақылға қонымды құрылысты қалаймын - Досаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматыда құрылыстың сейсмикалық тұрақтылығына қойылатын талаптар күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда құрылыстың сейсмикалық тұрақтылығына қойылатын талаптар күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғыны барлық көпқабатты ғимараттарды Алматыдан Gate City-ге көшіруді ұсынды. Бұл сейсмикалық қауіптілікке және инфрақұрылымға түсетін жүктемеге қатысты.

Әкім Ерболат Досаев қазірдің өзінде ең сейсмикалық белсенді аймақтағы қаланың жоғарғы бөлігінде ғимараттар қабатты шектелгенін, олар 9 қабаттан аспайтын айтты. Бұл мәселелердің барлығы Бас жоспар жобасында да ескерілген. Жоба бекітілген кезде мәселенің бәрі анықталады.

Реклама
Реклама

"Кеше Мемлекет басшысымен кездескен кезімде ол біздің "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң арқылы құрылыс пен жер сілкінісіне төзімділікке байланысты талаптарды күшейтетін тәсілдерімізді мақұлдады. Көктемгі сессияда бұл жұмысты бастаймыз деп үміттенемін, мәслихат депутаттары бізді қолдайды және бізде қаланың өзі стандарттарға қатысты ерекше жайттарды бақылайды. Тиісті нормалар енгізіледі және күзден бастап қолданылады деп үміттенемін", - деді әкім.

Әкімнің айтуынша, барлық құрылысты G4-ке көшіру мүмкін емес, өйткені маятниктік көші-қон байқалады.

"Мен, шын мәнінде, ақылға қонымды құрылысты қалаймын, алайда қала өсіп келеді, миграция барған сайын артып жатыр", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная