Әл-Фараби даңғылы ішінара жабылады

Фото © Николай Колесников

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейін көшелер ішінара жабылады. Бұл учаскеде 1-10 маусым аралығында қозғалыс шектеледі. Бұл асфальт ауыстыру жұмыстарына байланысты. 

"Құрметті алматылықтар! Жол төсемін ауыстыру жұмыстары аясында әл-Фараби даңғылында екі бағыт бойынша да Достық даңғылынан Жарбұлақ (Терренкур) өзеніне дейінгі жолдың барлық ені бойынша 2021 жылы 1 маусым мен 10 маусым аралығында күндізгі және түнгі уақытта қозғалыс ішінара жабылады. Кешірім сұраймыз. Бұл уақытта осы учаскемен жүрмеуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Әл-Фараби даңғылында жабылатын учаске қызыл түспен белгіленген

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама