21 шілде 2023 09:22

Әл-Фараби даңғылындағы шұңқырға қатысты видеоға қала әкімдігі жауап берді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Әл-Фараби даңғылындағы шұңқырға қатысты видеоға қала әкімдігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби даңғылындағы шұңқырға қатысты видеоға қала әкімдігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Әл-Фараби даңғылының Навои көшесімен қиылысындағы жуырда ғана жөнделген бөлігінде шұңқыр пайда болды деген ақпарат тарады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл ақпарат қисынсыз. Кадрларда көшенің жөндеу жұмыстары жүргізілмеген бөлігі көрсетілген. Науаи қиылысындағы Әл-Фараби даңғылы емес, Садықов көшесінің шығыс жағындағы бір жер екені көрінеді.

Реклама
Реклама

"Бұл учаскеде жөндеу жұмыстарын аудан әкімдігі жүргізуі керек. Кадрларда тозған белгілер байқалады, жөнделген жерлерде белгілер жоқ, жаңадан жөнделген жолдарда белгілер болады", - деді әкімдік.

Еске сала кетейік, 19 шілдеден бастап Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram