Алакөл көлі маңында жер сілкінісі тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент
Скриншот\ Google

Жетісу облысында Алакөл көлі маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысында Алакөл көлі маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, 24 шілдеде Астана уақытымен сағат 8:47-де Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым жерде магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметі бойынша, жер сілкінісі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы - 3,7.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 23 шілдеде де Қазақстанның шығысында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 4 балл күшінде болып, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына сезілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама