27 мамыр 2021 | 14:39

Алакөл маңындағы жаңа әуежай неге қайта жабылды? Әкім жауабы

Фото: elements.envato.com

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл маңындағы жаңа әуежай неліктен жөндеуге қайта жабылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл маңындағы жаңа әуежай неліктен жөндеуге қайта жабылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әуежай табысты жұмыс істеп тұр. Оған Нұр-сұлтан, Алматы және Талдықорғаннан ұшақтар қонады. Осының арқасында демалушылар саны да артып келеді.

Бірақ ұшу-қону жолағы нашар жағдайда. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Ресейдегі жақын көршілеріміз - Томск, Омбы әуекомпанияларынан көп өтініш түседі. Олар Алакөлге чартерлік ұшақтар рейсін ашқысы келеді. Бірақ оған ұшу-қону жолағы кедергі. Біз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледік, ол екі бөліктен тұрады. Ұшу-қону жолағына - 4 миллиард. 2,5 миллиардқа жуық қаржы аэронавигация, аумақты қоршау, күзет сигнализациясы, жарықтандыру жұыстарына", - деді әкім ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, Үкімет жөндеу идеясын қолдаған.

Реклама
Реклама

"4,7 миллиард теңге бөлінді. Тендерлік процедураларды жүргіздік, жақсы мердігерлерді таңдадық. Себебі қаржыны биыл игеруіміз керек. Егер осы жөндеу жұмыстарын жүргізсек, әуежайға үлкен ұшақтар қона алады. Кейін туристік ағын, қызмет көрсету сапасы да артады. Қалған 2,5 миллиардты жергілікті бюджеттен бөлеміз, ол ақша бар", - деді аймақ басшысы.

Әкім келесі туристік маусымда әуежай пайдалануға дайын болатынын мәлімдеді.

Осы маусымда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылындағы Алакөл көліне әуе рейстері 19 сәуірден бастап қайта жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды. Алакөл көлінде демалғысы келетіндер бұл жерге тек автобус, пойызбен жетуге мәжбүр болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная