Алакөл-Семей тасжолында жолаушылар мінген автобус аударылды

Фото: instagram.com/semey_city_

Алакөл-Семей тасжолында жолаушылар мінген автобус аударылды. Жүргізуші ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алакөл-Семей тасжолында жолаушылар мінген автобус аударылды. Жүргізуші ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат 19 маусымда таңғы сағат 4:50 шамасында болған. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Семейдің Жарма ауданында Setra-S маркалы рейстік автобусының (Алакөл-Семей) 56 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, трассадан шығып кетті. Оның салдарынан алондағы 13 жолаушы мен екінші жүргізуші зардап шекті.

Автобуста болған барлық адамға медициналық көмек көрсетілді, ал көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды", - делінген департамент хабарламасында.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша бастады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама