ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2024 | 08:34
Алакөлде дельтаплан құлады: зардап шеккендердің жағдайы айтылды
Дәрігерлер Алакөлде дельтапланнан құлап, зардап шеккен әйел мен ер адамның қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дәрігерлер Алакөлде дельтапланнан құлап, зардап шеккен әйел мен ер адамның қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олар жедел жәрдем көлігімен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.
"Жәбірленушілердің жағдайы ауыр болды, олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.
Олар қазір шокқа қарсы терапиядан, сонымен қатар толық клиникалық-диагностикалық тексерулерден өтіп жатыр. Талдықорғаннан емдеу мекемесіне екі маман – нейрохирург пен травматолог жіберілді.
"Ауруханада науқастарды емдеуге қажетті барлық дәрі бар. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады басқарма.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі 25 шілдеде Алакөл көлінде дельтаплан құлағанын хабарлады. Ведомство өкілдері дельтапланнан суға құлаған екі адамды аман алып қалды. Кейін Азаматтық авиация комитеті оқиғаның егжей-тегжейін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также