Алакөлдегі той кортежінің қатысушылары жазаланды - полиция

© altaynews.kz

Алак?лде жа?алауда ж?рген той кортежіні? ?атысушылары ?сталып, ?кімшілік жаза?а тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шы?ыс ?аза?стан облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алакөлде жағалауда жүрген той кортежінің қатысушылары ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 тамызда Үржар аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметіндегілер 13 тамызда шамамен сағат 19.00-де демалыс аумағының маңында жол қозғалысы ережелерін бұзған барлық автокөлік құралының жүргізушілерін анықтады", - деп хабарлады ШҚО ІІД өкілдері.

7 көліктің жүргізушісіне қатысты түрлі баптар бойынша әкімшілік хаттаманың толтырылғаны айтылады. Айыппұлдың жалпы сомасы - 158 830 теңге.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Алакөлде жағалауда жүрген той кортежінің видеосы пайда болған еді. "Қазіргі уақытта автокөлік иелері іздестіріліп жатыр. Барлық материал жергілікті полицияға жолданды. Құқық бұзушылар әкімшілік жазаға тартылады"., - деп хабарлаған еді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама