30 қаңтар 2017 10:04

Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтеді

© ҚМДБ баспасөз қызметі

Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Алаш ұлттық автономиясының құрылғанына 100 жыл толды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар Кеңесінің XV мәжілісінде Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы ұсыныс мақұлданды.

Реклама
Реклама

"Расында, қазақтың тарихы тағылымға толы. Мұсылмандықты мұрат еткен кешегі Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі сауатсыздықпен аянбай күресіп, ағартушылықпен айналысуы - өткен ғасырдың өлмес өнегесі, естен кетпес ерлігі деп айтар едік. Олар білімсіздің күні қараң екенін жете түсінді. Өздері бір емес, бірнеше саланы меңгерді, бірнеше пәндерді игерді. Олардың білім жолындағы жігері, халықты сауаттандырудағы еңбегі, ауыр сынақтарға төтеп берген табандылығы - әрбір азамат үшін үлкен үлгі",  -деп атап өтті мәжілісте Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, ғылыми конференцияда Алаш қайраткерлерінің өмір жолы, еңбектері, туындылары туралы баяндама жасалып, оны кітап етіп шығару жоспарланды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram