Алатау Еуразиядағы технологиялар мен инвестициялардың жаңа орталығы болады деп сенемін - Тоқаев

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Алатау Еуразиядағы технологиялар мен инвестициялардың жаңа орталығы болады деп сенемін - Тоқаев Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау Еуразиядағы таланттар, технологиялар және инвестициялар үшін жаңа орталыққа айналатынына сенім білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Digital by Default қағидаты бойынша салынатын Алатау қаласының даму перспективасы жөнінде әңгімеледі.

"Алатау қаласы Smart City шешімдерінің, интеллектуалды көлік, цифрлық төлем жүйелерінің, сондай-ақ энергияны үнемдейтін нысандар мен озық телекоммуникация инфрақұрылымының негізгі алаңына айналуы керек. Сонымен қатар қала өңірдегі жетекші цифрлық қаржы орталықтарының бірі ретінде қызмет етуге тиіс. Осы мақсатта біз цифрлық активтерді, "токендеу", блокчейн технологияларын және криптоиндустрияны дамытуға арналған заманауи құқықтық реттеу жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Бұл жұмыстың басты тірегі бәсекеге қабілетті құқық және салық режимі болатыны сөзсіз. "Алатау" жобасына қатысушылар «Астана» халықаралық қаржы орталығы экожүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана алады. Орталық ағылшын құқығы қағидаттары бойынша жұмыс істейді және онда әлемнің 90-нан астам елінен жиналған 6 мыңға жуық компания қызмет етеді. Алатау қаласы алдағы уақытта Еуразиядағы таланттардың, технологиялар мен инвестициялардың жаңа орталығы болады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті. Жиында Тоқаев Қазақстан-Қытай қарым-қатынастың жаңа “алтын отыз жылдығына“ бірге қадам басқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама