Алатау қаласының шекарасы басқа аудандар есебінен кеңейтіледі

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының "Алатау қаласының шекарасын белгілеу туралы" бірлескен шешімі дайындалды. Оның құрамына Қонаевтың бір бөлігі кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының "Алатау қаласының шекарасын белгілеу туралы" бірлескен шешімі дайындалды. Оның құрамына Қонаевтың бір бөлігі кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облыстық мәслихатының осы бірлескен шешіміне және Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 88267,0086 гектар болатын Қонаев, Іле және Талғар аудандары жерлерінің бір бөлігін қоса алғанда, Алатау қаласының шекаралары (шектері) белгіленсін", - делінген хабарламада.

Ұсынылған картаға сәйкес, Алатау қаласына Қонаевтың 10 937 гектар жері, Іле ауданының 65 213,0 гектары және Талғар ауданының 12 117,0 гектары кіреді.

Реклама
Реклама


Тиісті құжат 23 шілдеге дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама