Алатаудың арнаулы мәртебесі Конституциялық заңда бекітіледі

Айнұр Қапышова Корреспондент
Алатаудың арнаулы мәртебесі Конституциялық заңда бекітіледі Алматы облысы әкімдігінің эскизі

Бүгін Парламент палаталардың бірлескен отырысында депутаттар "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта қаланы дамыту үшін ерекше құқықтық режим мен қосымша өкілеттіліктер қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламент палаталардың бірлескен отырысында депутаттар "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта қаланы дамыту үшін ерекше құқықтық режим мен қосымша өкілеттіліктер қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұл экономикалық өсімді жеделдету үшін қажет екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Конституциялық заң жобасы Алатау қаласында халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті юрисдикция құруға бағытталған. Бұл тәсілдерді жүзеге асыру жедел экономикалық өсу, технологиялық даму және капитал тарту үшін тұрақты орталық қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Алатау туралы

Алатауды өз ережелері, басқаруы және экономикасы болатын жеке "экожүйе" ретінде дамыту жоспарланып отыр.

Қаланы дамыту үшін арнайы орган - Alatau City Authority құрылады. Негізгі шешімдер тек үкімет деңгейінде қабылданады.

Алатау қаласында шетелдік инвесторларға жер меншікке берілмейді, учаскелер тек нақты жобалар үшін әрі шектеулі шарттар бойынша беріледі.

"Жер учаскелері жалға немесе басқа нысанда беріледі. Егер бизнес-жоба бойынша қандай да бір міндеттемелер мен оны іске асырудың белгілі бір мерзімі болса, мысалы, екі жыл ішінде берілген жер телімінде зауыт, фабрика немесе қонақүй салмаса, онда мұндай инвесторларға айыппұл салынады", - деп түсіндірді вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Алатауды "цифрлық қалаға" айналдыру жоспарланған. Жол, көлік, жарық, коммуналдық қызметтер және тұрғындарға арналған сервистердің барлығы заманауи технология арқылы жұмыс істейді. Жүйелер ақылды болады, деректерді өзі талдап, тиімді жұмыс істейді.

Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1,8 триллион теңге болатын 44 жобадан тұратын пул қалыптастырылған, олар шамамен 30 мың жұмыс орнын құрады. Инвесторларға түсінікті және тұрақты ережелер ұсынылады: олардың құқықтары заңмен бекітіліп, дауларды халықаралық арбитраж немесе Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы шешуге болады.

Арнаулы мәртебе

Былтыр қыркүйекте Алатауға арнаулы мәртебе берілген болатын. Президент мұндай аумақтар Қазақстанның біртұтас конституциялық, құқықтық кеңістігінің ажырамас бөлігі саналатынын және солай болып қала беретінін, ал арнаулы құқық режимі тек қаланы дамыту және жеке шарттарға қатысты екенін түсіндірген еді.

Бұл қаржылық басқару, салық және сот рәсімдері саласындағы арнайы ережелерге қатысты, инвесторларды тарту және бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін қажет.

Мемлекет басшысының айтуынша, оыслайша жер жүзіне Қазақстанды тұрақты, ашық, кедергісіз және ішкі нарықтағы ахуалы айқын ел ретінде көрсетеміз.

Мән-жайы

Алатау қаласы 2024 жылы Жетіген ауылында құрылды. Үкімет оның Бас жоспарын бекітті.

Сонымен қатар Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының шекаралары өзгертілді - кейбір аумақ жаңа қаланың құрамына кірді. Картада бұл былай көрінеді:

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала инвестиция тарту нүктесі әрі жаңа іскерлік және инновациялық орталық болуы тиіс. Ірі халықаралық компаниялармен миллиардтаған қаражатқа келісімдер жасалған. Солардың бірі Шэньчжэнь технополисін дамытуға қатысып, енді Alatau City жобасын жүзеге асырмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама