ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусым 2023 | 10:00
Алаяққа алданған шымкенттіктер прокуратураға келіп наразылығын білдірді
Алаяқтың құрбаны болған шымкенттіктер 22 маусым күні жергілікті прокуратура ғимаратына келді. Халық мемлекеттен ақшаға пәтер алуға көмектесемін деген ер адамды бір жылдан астам уақыт бойы жауапқа тарта алмай жүргендерін айтады. Тұрғындардың айтуларынша, баспана алып беремін деген ер адам әлі жазаланбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алаяқтың құрбаны болған шымкенттіктер 22 маусым күні жергілікті прокуратура ғимаратына келді. Халық мемлекеттен ақшаға пәтер алуға көмектесемін деген ер адамды бір жылдан астам уақыт бойы жауапқа тарта алмай жүргендерін айтады. Тұрғындардың айтуларынша, баспана алып беремін деген ер адам әлі жазаланбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Шымкент прокуратурасының қасына жиналған жұрт өздерін алдап кетті деген ер адамды ешкім жауапқа тарта алмайтынына қатты наразы.
Жылдам пәтер алуға көмектесемін деп, жұрттың ақшасын алған ер адам тіпті тұрғындарға қолхат та жазып берген. Ол баспана кезегін жылжытып, "аз қамтылған отбасыларға үй алып беремін" деген желеумен 70-тен астам азаматтан 2-7 миллион теңге аралығында ақша алған.
Бұл іс бойынша тіпті сот отырысы болып, бір алаяқ бас бостандығынан айырылған. Бірақ адамдардан ақша алған адам тек куәгер болған.
"Айғақ беруінде ол ақшаны алғанын мойындады. Ал ақшасынан айырылған баламның айғақтарының бәрі бұрмаланған. Осылайша, барлық жәбірленушінің айғақтарының бәрі өзгертілген. Мұны кейін адвокатымыз құжаттарды алған кезде білді", - дейді жәбірленуші Сәуле Боранбаева.
Миллиондарынан айырылған шымкенттіктер ақшаны берген кездерінде видеоға түсірген. Кадрларда ер адамның қаражаттарды қалай санағаны, одан кейін тіпті түбіртек бергені көрсетілген. Бірақ олар қанша дәлел келтірсе де, ер адам әлі жазасыз жүр.
"Прокуратураға, сотқа бардық, бармаған жер қалмады. Бірақ ешқайсысы қимылдаған жоқ, ештеңе істеген жоқ. Өзімізге қарсы шығады. Ділмішов Асқар "бүкіл Шымкенттің прокуратурасы бола ма, ІІД бастығын, сотты, бәрін сатып алдым" деген аудиожазбасы да бар", - дейді тағы бір жәбірленуші Нағима Биторева.
Тұрғындардың талабынан кейін аудан прокуроры мен полиция басқармасының басшылары кездесуге келді. Бірақ екі жақтың әңгімесі жарасқан жоқ. Десе де полицейлер алданғандардың арызымен сегіз күн бұрын ғана қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
"Қазіргі уақытта бізде 31 жәбірленуші бар. Біз жауап алып, тергеу әрекеттерін жүргізіп жатырмыз. Асқар есімді адамға да қатысты. 14 маусымда Қылмыстық кодекстің 190 - бабының 3-бөлігі бойынша "алаяқтық" қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жәнібек Тұрлыбаев.
Ал тұрғындар айыптап отырған ер адам ақша алғанын жасырмады. Бірақ, ол "өзім де әкімдікте жұмыс істейтін көрші әйелдің сөзіне сеніп қалдым" деп отыр. Тіпті жұрттан жинаған ақшадан көк тиын пайда да көрмегенін айтып ақталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также