ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2022 | 12:54
Алаяқтар қазақстандықтарды ірі дәріхана желісі атынан алдап жатыр
Алаяқтар қазақстандықтарды ірі дәріхана желісі атынан алдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алаяқтар қазақстандықтарды ірі дәріхана желісі атынан алдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, What‘sApp мессенджерінде сауалнамадан өтіп, Europharma дәріханалар желісінен медициналық субсидия алуға шақырған хабарлама тарады. Олардың айтуынша, биыл компанияға 56 жыл болады екен. Бұл ақпарат - алаяқтардың ісі.
Дәріханалар желісінің ресми сайтында таралған ақпаратта 150 000 теңге мөлшеріндегі субсидия туралы жазылмаған.
Сонымен қатар ресми сайттағы ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы Europharma желісінің бірінші дәріханасының ашылғанына 27 жыл болады. Ал Instagram желісіндегі ресми парақшада дәріханалар иесі Aq niet Group компаниясына биыл 25 жыл болатыны айтылған. Демек, дәріханалар желісінің 56 жылдығы туралы ақпарат жалған.
Сондай-ақ таралған ақпаратта көрсетілген сайт Aq niet Group компаниясына тиесілі емес және сауалнамадан өткені үшін ақша ұсынатын жүздеген басқа алаяқтық платформалар сияқты жасалғанына назар аударған жөн.
Айта кетейік, ақшалай сыйлық алып, пікір жазған "қатысушылардың" есімдері шетелдік, ал Europharma дәріханалары тек Қазақстанда ғана бар.
Кибер алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Оның көмегімен алаяқтар пайдаланушылардың банк карталарының деректері, жеке аккаунттардың логиндері мен парольдері, электрондық пошта және т.б. сияқты жеке ақпаратын иемденеді.
Фишингтік ресурстарды тану және алаяқтардың құрбаны болмау жолдары туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также