ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2019 | 12:11
Алаяқтар түрмеде отыруы керек - Тоқаев жауапсыз мердігерлер жайлы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астаналықтарды тұрғын үй салу кезде сан-соқтырған мердігерлер түрмеде отыруы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астаналықтарды тұрғын үй салу кезде сан-соқтырған мердігерлер түрмеде отыруы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үлестік құрылыс мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Қалада 49 проблемалы нысан бар, 13,5 мың үлескер құрылыстың аяқталғанын күтіп тұр. Бұл мәселені шешуге 2018-2019 жылдары 40 миллиард теңге бөлінді. Бірақ 4,5 миллиард ғана игерілді. Сонымен қатар, әкімдік қосымша 170 миллиард теңге сұрайды", - деді Тоқаев әкімдіктегі елорданы дамытубойынша жиналыста.
Қала басшысы Алтай Көлгінов әрбір үйге жол картасы жасалғанын айтты.
"Кейбіреулерде жобалық-сметалық құжаттама бойынша проблемалар болды. Тұрғындарды сан-соқтырған алаяқтардың көбі сотталды және олар заң аясында жауап беретін болады. Олар құжаттарын жоғалтқан немесе тапсырмаған. Осы уақыт ішінде біз құжаттарды дайындаумен айналыстық, қаржы институттарымен, екінші деңгейлі банктермен және біздің орталық мемлекеттік органдармен жұмыс істедік. Сіздің тапсырмаңызды орындаймыз", - деді Көлгінов.
Оның айтуынша, 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 51 проблемалы нысан бар, бұл 76 көпқабатты үй, үлескерлердің жалпы саны 14,5 мың адам. Жыл соңына дейін тағы сегіз нысан пайдалануға беріледі. Қалғандарын 2020-2021 жылдары аяқтау жоспарланған. 29 аса проблемалық нысан бойынша қосымша қаржыландыру қажет.
"Аляқтар" деген сөз шықты. Құрылысшылар арасында олардың саны артып барады. Бас прокуратураға, ІІМ-ге айттық. Осы мәселені түбегейлі шешу керек. Өйткені олар өз әрекетімен біздің азаматтарымыздың құқығына шабуылдайды. Олардың біздің азаматтарымызды алдап, көшеде қалдырды. Осы жағдайда мемлекет қол қусырып қарап отырмауы керек. Әрекет етіп, есеп беріңіз", - деді Тоқаев.
Показать комментарии
Читайте также