Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

© Tengrinews.kz

Синоптиктер ?аза?станда 13-15 маусым к?ндері ауа райыны? ?андай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" республикалы?-мемлекеттік к?сіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер Қазақстанда 13-15 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Батыс Қазақстан үстінде қалыптасқан циклондар алдағы үш тәулікте республиканың орталық және солтүстік облыстары арқылы солтүстік-шығыс бағытына жылжиды. Алайда осы циклонға кіретін фронттар жүйесі аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс ауа райына әсер етеді", - дейді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, 15 маусымда Қазақстанның шығыс облыстарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай және екпінді жел күтеді, ал солтүстікте бұршақ болуы мүмкін. Осы жаңбырға қарамастан күн жылынады деп болжанып отыр. Кей жерлерде ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін жоғарылайды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама