Алдағы күндері 40 градусқа дейін аяз болады

© pexels.com

Синоптиктер 25-27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 25-27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, аяздың беті әлі қайтпайды.

"Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі. Солтүстік орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 32…37 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30 градусқа дейін аяз күтіледі", - деп болжады "Қазгидромет" өкілдері.

Реклама
Реклама

Тек батыс облыстарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ және күндіз температураның 0-5 градус аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін екені айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама