Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

© Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер ?аза?станда 28 а?пан мен 2 наурыз аралы?ында ауа райыны? ?андай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" республикалы?-мемлекеттік к?сіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер Қазақстанда 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы ауа райын алдағы үш тәулік бойы Орал және Батыс Сібір арқылы жылжып келе жатқан циклондарға байланысты болатын атмосфералық фронтар анықтайды.

"Атмосфералық фронттар әсерінен кей жерлерде қар жауып, республиканың солтүстік жартысында боран және күші секундына 15-20 метр болатын жел соғып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ болады. Осы фронттардың тылынан антициклон жылжып келеді, сондықтан үшінші күні температура төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары болады", - деп хабарлады мамандар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама