Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? © Gorod.lv

Синоптиктер алда?ы к?ндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап. Арктикалы? суы? ауаны? келуіне байланысты елімізді? барлы? ??ірінде 2-5 градус?а нормадан т?мендейді. 

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Арктикалық суық ауаның келуіне байланысты еліміздің барлық өңірінде 2-5 градусқа нормадан төмендейді. 

"Қазақстандықтарды соңғы күндері қалыпты жылы ауа-райымен қуантты, ауа температурасы әдеттегі қалпынан 4-8ºС-қа жоғары болды. Бұл жылылық қысқа мерзімді болды, суық арктикалық ауа массаларын басып кіруінің  әсерінен республикамыздың бүкіл аумақтарында жақын күндерде ауа райының салқындауы және ауа температурасы климаттық нормадан 2-5 градусқа төмен болады деп күтіледі", - дейді синоптиктер.

Қазақстанның көптеген облыстарында алдағы үш тәулікте сулы қар, көктайғақ күтіледі, республикамыздың солтүстік жартысында батыстан күшті жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-28 метр секундына күшейеді және боран күтіледі.

Реклама
Реклама

"Сондай-ақ оңтүстік облыстарда көбіне жауын-шашынды, түнде және таңертең жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтіледі", - дейді мамандар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама