Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

© pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда 16-18 тамыз күндері ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.

"Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа келіп,  республиканың солтүстік бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді жел күтіледі, күндізгі уақытта бұршақ түсуі мүмкін. Ал түнде температура 7-15 градусқа дейін төмендеп, күндіз 18-25 градусқа барады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы бұрынғыдай климаттық нормаға жуық болады. 17-18 тамызда елдің оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама