Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

© pexels.com

Синоптиктер 23-25 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Cиноптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады.

"Қазақстанның солтүстік бөлігіне Жаңа Жер аймағынан суық ауа массалары түседі. Сондықтан күзгі, бұлтты, жаңбырлы ауа райы сақталады. 24-25 тамызда солтүстік облыстарда қатты жаңбыр және екпінді жел, ауа температурасы түнде 5-13 градусқа дейін, күндіз 10-18 градус жылыға дейін күтіледі. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз жылы ауа-райы сақталады", - деді "Қазгидромет" мамандары.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама