Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

© Pixabay.com

Синоптиктер 2018 жылды? 20-22 ?ырк?йек аралы?ында ауа райы ?андай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2018 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Бірнеше жылы және құрғақ күндерден кейін республиканың солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен циклон жылжитын болады. Сондықтан алдағы үш тәулікте солтүстік, сондай-ақ орталық облыстарда кей жерлерде жаңбыр жауады, 22 қыркүйекте қатты жаңбыр жаууы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, циклонмен байланысты суық фронттардың ықпалынан Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жаууы күтіледі. Жаңбырмен бірге, Орал аудандарынан келетін суық ауа массасымен ауа температурасының төмендеуі болжанады, ол осы кезеңге қалыпты температурадан 2-4 градус төмен болады екен.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама