Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер ?аза?станда 25-27 мамыр к?ндері ауа райыны? ?андай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" республикалы?-мемлекеттік к?сіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер Қазақстанда 25-27 мамыр күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстан үстінде байқалатын атмосфералық процестердің тез өзгеруі ауа райының жылдам өзгеруіне әкеледі. Алдағы тәуліктерде республиканың көптеген облысында, ауа райы суық атмосфералық фронттарының әсерінен, жаңбыр, найзағай және екпінді жел болады. 26 мамырда фронттардың тылына Ресейдің Еуропалық бөліктерінен антициклон жылжып келеді, соның ықпалынан жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы күтіледі", - деді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, 27 мамырда Қазақстанның батыс жартысында жаңбыр жаудырады. Ауа температурасы негізінен нормаға жуық және климаттық нормадан жоғары болады деп күтіледі.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама