Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде күн суытып, оңтүстікте жаңбыр жауады

Синоптиктер ?аза?станда 16-18 мамырда ауа райыны? ?андай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" республикалы?-мемлекеттік к?сіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер Қазақстанда 16-18 мамырда ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстанға Батыс Сібірден салқын атмосфералық фронттардың ығысуына байланысты еліміздің басым бөлігінде тек жауын-шашын емес, сондай-ақ, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта кей жерлерде ауа температурасы 0-3 градус аязға дейін төмендеп, жаңбыр қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін", - деді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, арктикалық салқын фронттардың әсерінен 17-18 мамырда еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама