Алдағы күндері қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады

© Mega-u.ru

Алда?ы к?ндері ?ар жауып, т?ман т?седі ж?не к?ктай?а? болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріні? 2016 жыл?ы 8-10 желто?сан аралы?ына арнал?ан болжамына сілтеме жасап.

Алдағы күндері қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдерінің 2016 жылғы 8-10 желтоқсан аралығына арналған болжамына сілтеме жасап.

"Қазақстан аумағы арқылы бірінен кейін бірі үлкен жылдамдықпен атмосфералық фронттар жылжып жатыр. Сол себептен кішігірім үзіліс арасында қар жауып, бұрқасын тұрып, күшті жел соғып, тұман және көктайғақ болған күрделі ауа райы сақталады", - дейді мамандар.

Сондай-ақ, алдағы үш тәулікте ауа райында жақсару жағына қарай өзгерістер болжанбайды екен, бірақ күннің суытуы күтіледі. Егер республикада алдағы күндері ауа райы температурасы климаттық мәннен 3-8 градусқа, кей жерлерде жерде -13 градусқа жоғары болса, енді ол алдағы тәуліктерде төмендей бастап, нормадан 3-8 градусқа төмен болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама