ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 қаңтар 2017 12:42
Алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашын мен қатты жел күтіледі
Синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында ауа райының қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Жылу мен ылғал әкелетін оңтүстік циклон оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс Қазақстан облыстарындағы ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ және батыстың қатты желі күтіледі. Ал Қазақстанның орталығы мен шығысында қар және секундына 18-25 метрге дейін жел күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.
Мамандардың айтуынша, елімздің батыс және солтүстік аумақтарында қар, боран және батыс бағыттағы қатты жел болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу