Алдағы күндері солтүстікке күз келеді

©REUTERS

Алдағы үш күн ішінде (24-26 шілде) оңтүстіктегі аптап пен солтүстіктегі жаңбыр сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

"Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жаздың осы мезгілінде, құрғақшылық пен аптап ыстықтың болатыны - әдеттегі жағдай. Бұл жерлерде күндізгі ауаның қызуы +30…+38º-қа дейін барады. Алайда еліміздің солтүстігінде ауа райы мүлдем басқаша – жаңбыр, нөсер, күндізгі температура +15…+23º-тан аспайды. Бұл - осы кезеңдегі температурадан 3…8º-қа төмен. Жаз адасып қалғанға ұқсайды", - делінген "Қазгидрометтің" сайтында жарияланған хабарламада.

Алдағы үш тәулік ішінде тұтас алғанда Қазақстанның аумағында ауа райы өзгермейді - солтүстікте бұрынғысынша жаңбырлы әрі салқын, ал қалған аумақтарда құрғақ әрі ыстық болады.

Реклама
Реклама

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама