ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 05 ақпан 2014, 15:23
Алдағы тәуліктерде аяздың беті қайтады
Ақпанның 6-сынан бастап, Қазақстанда күн азғана уақытқа жылынады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметіне сүйеніп."Қазақстанның аумағымен жылжитын циклон республиканың көптеген облысына қар аралас боран, жылдамдығы 13-18 м/с-ке жететін жел мен ауа температурасының азғана уақытқа жоғарылауын алып келеді. Температура көтеріледі, бірақ нормадан 3-8 градусқа төмен болады, 6 ақпан күні шығыста және оңтүстікте, 7-8 ақпан күндері батыста ауа температурасы қалыпты температурадан 8-13 градусқа төмен болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында.Қазақстан аумағында қаңтардың соңғы күндерінен бері ауа температурасының төмендегені белгілі. Солтүстікте аяз 30-35 градусқа дейін күшейді. Оңтүстік өңірлерде сынап бағанасы 20-25 градус аяздан жоғарыламай тұр. Ауа температурасының төмендеуі мен қардың толас таппауына байланысты кейбір аймақтарда төтенше ескерту жарияланып, көлік қозғалыстары шектелді. Бірқатар облыста мектептердің сабағы тоқтатылды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии